Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 940 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 281-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 419-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 624-құжат).

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республика

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов