Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274  қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 635 Қаулысы

(2015.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1086 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Іс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше тәртіппен жүзеге асырылады деп белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                    

 

К. Мәсімов