Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

«Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағанында «қайтадан куәлік» деген сөздер «қайтадан куәліктер немесе анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу» деген 2-бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:

«

38-1

Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру

Заңды тұлғалар

ҰБ

Аумақтық филиалдар

»;

«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу» деген 3-бөлімде:

реттік нөмірлері 70, 71, 73-жолдарда:

2-бағандағы «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 72-жолда:

2-бағанда:

«ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;

«өтеусіз» деген сөз «өтемін төлеп» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын;

«Әлеуметтік қорғау» деген 4-бөлімде:

реттік нөмірі 87-жолда:

2-бағандағы «Мүгедектер» деген сөздің алдынан «Жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және» деген сөздермен толықтырылсын;

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі»;

реттік нөмірі 92-жолдың 5-бағанындағы «департаменттері/ басқармалары» деген сөздер «басқармалары» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Анықтамалар беру» деген 5-бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 113-1 және 113-2-жолдармен толықтырылсын:

«

113-1

Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру

Заңды және жеке тұлғалар

ҰБ

Орталық аппарат және аумақтық филиалдар

113-2

Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру

Заңды және жеке тұлғалар

ҰБ

Аумақтық филиалдар

«;

реттік нөмірі 114-жолда:

2-бағандағы «Қосалқы» деген сөздің алдынан «Жеке» деген сөзбен толықтырылсын;

5-бағандағы «облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірлері 115 және 116-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 124-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігін беру».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов