Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 Қаулысы
(2022.08.11. берілген өзгерістермен)
Студенттердің жекелеген санаттарына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) мақұлдансын.
2. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы екі апта мерзімде банк-агентті анықтасын және Келісімнен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |