Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1296 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:

13-тармақта:

бірінші абзац «қосалқы абоненттерге» деген сөздерден кейін «(қосалқы тұтынушыларға)» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшадағы «жедел» деген сөздің алдынан «тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты,» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшадағы «мүмкіндігінің» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) меншік құқығында (шаруашылық жүргізу не жедел басқару) немесе лизинг, концессия, жалдау, сенімді басқару шарттары бойынша тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың».

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов