Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 23 желтоқсандағы  № 1230 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 406-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

І) көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгі жарғысында:

«Қоғамның органдары» деген 9-тарауда: 28-тармақта:

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның қарапайым және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;»;

32-тармақ «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«уәкілетті органның (бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін»;

33-тармақта:

9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«9) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ак олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу мөлшері мен талаптарын айқындау;»;

14) тармақшада «, сондай-ақ олардың қызметі мәселелері жөнінде шешім қабылдау»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер кабылдау;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгі жарғысында:

«Серіктестіктің органдары» деген 6-тарауда: 6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Серіктестіктің тексеру комиссиясы  немесе  жеке-дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.»;

3) көрсетілген каулымен бекітілген Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгі жарғысында:

«Серіктестіктің органдары» деген 6-тарауда: 6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке-дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.»;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім серіктестігінің үлгі жарғысында:

3-тараудың тақырыбындағы «Серіктестікке қатысушылардың» деген сөздер «Серіктестікке толық катысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

3.1 және 3.2-тармақтардағы «Серіктестікке қатысушылар» деген сөздер «Серіктестікке толық қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік кооперативтің үлгі жарғысында:

«Кооперативтің мүлкі» деген 4-тараудың 4.1-тармағы «жарғылық капиталы» деген сөздерден кейін «бар болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.МӘСІМОВ