Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2006 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 19-20, 120-құжат; 2008 ж., № 8-9,29-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2009 жыл - 843 100 000 мың теңге.».

2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і

№ 98-ІV ҚРЗ