Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223
 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 979 Қаулысы

(2010.14.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

ІІ «Шығындар» бөлімінде:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

09 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер» ішкі функциясында:

603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» әкімшісі бойынша:

112 «Электрондық үкімет құру» бағдарламасында:

108 «Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау» кіші бағдарламасындағы «839913» деген сандар «364746» деген сандармен ауыстырылсын;

109 «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру» кіші бағдарламасындағы «89898» деген сандар «565065» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» әкімшісі бойынша:

112 «Электрондық үкімет құру» бағдарламасында:

108 «Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау» кіші бағдарламасындағы «839913» деген сандар «364746» деген сандармен ауыстырылсын;

109 «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру» кіші бағдарламасындағы «89898» деген сандар «565065» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов