Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына өзгеріс енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 891 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 4, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметтерін сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 486-құжат);

2) «Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 563-құжат);

3) «Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 611-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов