Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 883 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Электрондық үкіметті» дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету» деген 6-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 5-жолдың «Орындалу мерзімі» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«2009 жылғы желтоқсан».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов