Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 855 Қаулысы

(2015.23.12. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда:

«Астана қаласы» деген жолдағы «1011» деген сандар «1043» деген сандармен ауыстырылсын;

«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47492» деген сандар «47524» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен:

1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2) осы қаулыдан туындайтын езге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов