Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 806 Қаулысы
(2016.02.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 755 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов