Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1705 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 772 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1705 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 578-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспеде «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 16 маусымдағы № 2828 заң күші бар Жарлығының» деген сөздер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесінде:

3-тармақта:

1) тармақшадағы «Фискальдық саясат және болжамдар департаменті» деген сөздер «Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің» деген сөздер алып тасталсын;

12-тармақта «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің және», «аумақтық» деген сөздер алып тасталсын;

13-тармақта «аумақтық» деген сөз алып тасталсын

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов