Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 751 Қаулысы

(2016.24.02. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Үкіметінің 2016.24.02. № 105 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:

«55-1) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізеді;»;

14-тармақтың 128) тармақшасы алынып тасталсын.

3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі. ҚР Үкіметінің 2016.24.02. № 105 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)