Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 696 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 118 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Индустрия және сауда» деген сөздер «Туризм және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |