Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 369 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақтың 10) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша:

көрсетілген қаулыға 84-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «KazSat» деген сөзден кейін «және «Intelsat» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов