Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 521 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 12-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

«

14-1.

Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТСМ

Қаңтар

Ақпан

Мамыр

Қ.А. Өскенбаев

»

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов