Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 499 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 4 қыркүйектегі қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры Тортаев Бауыржан Қадырұлы хатшы ретінде енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Шаққалиев Арман Абайұлы шығарылсын.

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:

7-тармақтағы «басшылары» деген сөзден кейін «, Парламент депутаттары» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов