Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 497 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 709 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Монополияға қарсы органның басқа телекоммуникация желілерін басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметтерін көрсету шарттарын, сондай-ақ желілердің өзара іс-әрекет етуі және трафикті өткізу жөніндегі онымен байланысты міндеттемелерді айқындайтын қосылу шартын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 424-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбында және 1-тармақта «Монополияға қарсы органның» деген сөздер «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Монополияға қарсы органның басқа телекоммуникация желілерін басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметтерін көрсету шарттарын, сондай-ақ желілердің өзара іс-әрекет етуі және трафикті өткізу жөніндегі онымен байланысты міндеттемелерді айқындайтын қосылу шартын бекіту ережесінде:

тақырыбында және барлық мәтін бойынша «Монополияға қарсы органның», «монополияға қарсы орган», «монополияға қарсы органға» деген сөздер «Уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта «Монополияға қарсы органның» деген сөздер «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов