Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 377 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 556 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда:

«Қызылорда» деген жолдағы «2078» деген сандар «2084» деген сандармен ауыстырылсын;

«ЖИЫНЫ» деген жолдағы «47486» деген сандар «47492» деген сандармен ауыстырылсын;

«Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:

«Қызылорда» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;

«ЖИЫНЫ» деген жолдағы «68» деген сандар «69» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қызылорда облысының әкімі:

1) әкім аппаратының құрылымында штат саны 5 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ететін бөлім құруды ұсынсын;

өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов