Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 350 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Жәмішев

Болат Бидахметұлы

 

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

 

Үмбетова

Инесса Тілеутайқызы

 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы еларалық қаржылық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, хатшы;

 

көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Есімқұлов Ерлан Тұрланғазыұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов