Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 319 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Әбілезов

Кәрібай Тілеубергенұлы

- Қазақстан Республикасының Индустрия

және сауда вице-министрі, тең төраға

 

Мейірманов

Қажымұрат Нұрғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрінің орынбасары,

генерал-лейтенант, тең төрағаның орынбасары

 

көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Поспелов Николай Николаевич шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов