Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 наурыздағы № 308 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімде:

«еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздер «бақылау және әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«Арнайы

Ұйымдардағы еңбек

жағдайларына және

өндірістегі жазатайым

оқиғаларды тексеру

кезіндегі даулы

мәселелер бойынша

жедел зертханалық

өлшеу жүргізу үшін

Бақылау және әлеуметтік

қорғау департаменті:

 

Ақмола облысы бойынша

2

Ақтөбе облысы бойынша

2

Алматы облысы бойынша

2

Атырау облысы бойынша

2

Шығыс Қазақстан облысыбойынша

3

Жамбыл облысы бойынша

2

Батыс Қазақстан облысы

бойынша

2

Қарағанды облысы бойынша

3

Қызылорда облысы бойынша

1

Қостанай облысы бойынша

2

Маңғыстау облысы бойынша

2

Павлодар облысы бойынша

2

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

1

Оңтүстік Қазақстан облысы

бойынша

2

Астана қаласы бойынша

2

Алматы қаласы бойынша

2».

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов