ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары

 

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

1) ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның;

2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі және мәлімделген жұмыс бойынша даярлығы және практикалық жұмыс тәжірибесі бар және өтініш берушінің бұйрығымен мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

3) физикалық қорғау жүйелерін монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар үшін - қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып, персоналды даярлау бағдарламаларының;

4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекіткен технологиялық регламентінің;

6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - бекітілген ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарларының;

7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың олуын қамтиды.