Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгеріс пен толыктырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 274 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

51. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы 100%»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2-жолдармен толықтырылсын:

«20-1. «Тың машина сынау станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%;

20-2. «Сынаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51%».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов