Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 38-ө Өкімі

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірі 10-жолдың 5-бағанындағы «2007 жылғы желтоқсан» деген сөздер «2008 жылғы наурыз» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов