Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 және 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 117 Қаулысы

(2009.19.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысында:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасында:

тақырыбындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

«1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:

«Атауы» деген жолдағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген жолда:

бірінші абзацтағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

екінші абзацта:

«675,9» деген сандар «1327,9» деген сандармен ауыстырылсын;

«236,4 млн. теңге» деген сандардан кейін «; 2008 жылы - 652,0 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын, бұдан әрі мәтін бойынша;

«Күтілетін нәтижелер» деген жолда бесінші және алтыншы абзацтардағы «10» деген сандар «11» деген сандармен ауыстырылсын;

«Іске асыру мерзімі» деген жолдағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

«2. Кіріспе» деген бөлімнің бірінші абзацындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

«5. Бағдарламаны негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері» деген бөлімде:

«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 7-тармақтың бірінші және үшінші абзацтарындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

екінші абзацта:

«675,9» деген сандар «1327,9» деген сандармен ауыстырылсын;

«236,4 млн. теңге» деген сандардан кейін «; 2008 жылы - 652,0 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын, бұдан әрі мәтін бойынша;

«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 8-тармақтың екінші абзацындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

үшінші, төртінші және бесінші абзацтардағы «10» деген сандар «11» деген сандармен ауыстырылсын;

жетінші абзацтағы «9» деген сан «10» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:

тақырыбындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірлері 1, 3, 7, 12, 15, 17, 21-жолдардың 6-бағанында және «барлығы»:

«219772», «77068», «93248», «127724», «71322», «56717», «30080» және барлығы «675931» деген сандар тиісінше «405383», «100168», «176875», «203857», «329449», «65738», «46478» және барлығы «1327948» деген сандармен ауыстырылсын;

тиісінше «2008 ж. - 185611», «2008 ж. - 23100», «2008 ж. - 83627», «2008 ж. - 76133», «2008 ж. - 258127», «2008 ж. - 9021», «2008 ж. - 16398» және барлығы «2008 ж. - 652017» деген сандармен толықтырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов