Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 131 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:

Божко Владимир Карпович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға

болып енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Храпунов Виктор Вячеславович шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов