Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды

 

Отандық автомобиль өнеркәсібін және темір жол көлігін дамыту үшін инвестицияларды қосымша тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінде:

мына:

«8601-8607

Темір жол локомотивтері темір жол мен трамвай

вагондары, өзге де жылжымалы құрам және олардың бөліктері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс»

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«8601

Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін немесе

аккумуляторлық темір жол локомотивтері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

 

8602

Өзге де темір жол локомотивтері; локомотивтік тендерлер

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін

дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 пайызынан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы,

сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды

орындау шартымен:

тепловоз арбасының қаңқасын дайындау, жинақтау,

құрастыру;

бастапқы және екінші аспаларды дайындау, жинақтау,

құрастыру және оларды арбаларға орнату; тежегіш

жабдығын дайындау, жинақтау, құрастыру және орнату;

тепловоз қаңқасының соңғы бөліктерін, шеткі

пластинасын, автоқармау ұясын дайындау және

құрастыру; шкворлық торапты, қорапты қима белдікті

дайындау және құрастыру; тепловоз қаңқасының

орталық бөлігі мен отын багын дайындау және

құрастыру, отын багын тұмшалыққа сынау және

тепловоздың орталық бөлігін отын багымен және

тепловоздың екі соңғы бөлігімен біріктіру; қар

тазалағышты, сатыларды, ұстағыштарды дайындау,

құрастыру, орнату; автоқармау орнату; құбыржолдар,

кәбіл өткізгіштер, ауа арнасын, аккумулятор жәшігін

дайындау, құрастыру және орнату; машинист

кабинасын, машинистің және машинист көмекшісінің

пультін дайындау, құрастыру орнату; есіктерді,

жалюздерді, еден төсемін дайындау, құрастыру,

орнату; дизель қуысжайларын, генератор және

салқындату желдеткішінің қуысжайларын дайындау,

құрастыру, орнату; түрлендіргіш және жоғары вольтті

жабдықтар қуысжайларын дайындау, құрастыру, орнату;

ауа, қосымша, радиатор қуысжайларын, динамикалық

тежегіш қуысжайын дайындау, құрастыру, орнату;

ұлғайтқыш багын дайындау, құрастыру, орнату;

тепловоздың осін және доңғалақ жұптарын өңдеу;

доңғалақ-мотор блоктарын құрастыру; арба құрастыру;

арбаны тепловоз қаңқасына енгізу; тепловоз қаңқасын

геометрияға тексеру; ауа резервуарларын орнату;

кабинада дисплей, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жүйесін орнату, тоңазытқыш, кондиционер орнату;

машинист крандарын орнату; электронды жабдықтарды,

басқару тосқаулын орнату; жылу, желдеткіш,

салқындатқыш жүйелерін орнату; өрт сөндіргіштерді,

дәретхана, машинист креслосын орнату; жарықтандыру

аспаптарын, радиатордың үстіне қорғау экрандарын

орнату; ауа компрессорларын, желдеткіштерін, отын,

май, ауа сүзгілерін орнату; радиатор, майлы жылу

ауыстырғыш орнату; басқару панелдерін,

диффузорларды, резисторларды, электронды

жабдықтарды орнату; оқшаулағыштарды, кәбілдерді

орнату; отын шлангасын, құбыржолдарды, отын

сорғыларын орнату; өрт сөндіру жүйесін құрастыру

және орнату; желдеткіштің, салқындату

желдеткіштерінің, түрлендіргіштің, сүзгілердің тірегін

орнату; тепловоз қаңқасына дизел-генераторды біріктіру

және орнату; аккумулятор батареяларын орнату;

электр шынжырларын және басқару, қоректендіру, тежеу

схемаларын құрастыру және тексеру; қауіпсіздік

құралдарын орнату; тепловоздың тораптарын,

агрегаттарын және жол жабдықтарын сырлау;

тепловозды отынмен, маймен, сумен, құммен

жабдықтау; тепловозды сынау

 

8603-8607

Темір жол және трамвай вагондары, өзге де жылжымалы құрам және олардың бөліктері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық

материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-

ынан аспауы тиіс»;

 

мына:

 

«8702***,

8704***

Жүргізушіні қоса алғанда, адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 пайызынан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 50 пайызы, сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын жекелеген жинақтаушы элементтердің

ең аз тізбесі мыналарды қамтуы шартымен: жинақталған қорап (дайындау басталатын күннен бастап төртінші және кейінгі жылдары дәнекерлеу және сырлау жөніндегі техникалық операцияларды орындай отырып, толық бөлшектенген қорап қолданылады); трансмиссиялары бар қозғалтқыш; радиатор; жинақталған қозғалыс доңғалақтары; алдыңғы

жартылай осьтер (алдыңғы аспа); артқы аспа; аккумулятор; алдыңғы және артқы аспалардың

амортизаторлары; қақпақша жүйелер; бекіткіш қозғалтқыштар жиынтығы

 

8703**

Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдарды (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа) жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда

1. Жылдық көлемі 25000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде кезең-кезеңмен қайта өңдеуге ұшырайтын пайдаланылатын тораптар мен детальдар соңғы рет өңдеуге/қайта өңдеуге ұшыраған (кумулятивті қағидат), сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын

жекелеген басқа) жинақтаушы элементтердің ең аз

тізбесінің мыналарды қамтуы шартымен дайындау кезінде:

жинақтағы қорап; трансмиссиясы бар қозғалтқыш;

қозғалатын жиынтықтағы доңғалақтар; артқы аспа; аккумулятор; қақпақша жүйесі; рульдік доңғалақ; ауа

сүзгісі; шыны тазартқыштар; бекіткіш детальдар жиынтығы; сондай-ақ: артқы мост; қозғалтқышта қорғау; қауіпсіздік жастығының модулі (егер бұл элементтер көлік құралының конструкциясында көзделген болса).

2. Жылдық көлемі 25000 данадан астам тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны түпкі өнім бағасының 70 пайызынан аспауы тиіс, сондай-ақ мына технологиялық операцияларды орындау шартымен:

қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау; қозғалтқышты орнату және бекіту, қозғалтқышқа басқару

тетіктерін қосу; радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу; трансмиссияны орнату және қосу; алдыңғы және артқы аспаларды орнату; рульдік басқаруды орнату және қосу; газдарды шығару жүйесін

орнату; сыртқы жарық аспаптарын орнату және қосу; жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті

қосу; шанақ электр тізбелерін тексере отырып, аккумулятор батареяларын орнату және қосу; жүру

доңғалақтарын орнату; тежегіш және салқындату сұйықтықтарын толтыру; табличкаға және автомобильге

сәйкестендіру нөмірін жазу; қозғалтқыштық диагностикасы; тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру»

 

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 

«8702***,

8704 ***

Жүргізушіні қоса алғанда, адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін

дайындау басталатын күннен бастап,

түпкілікті өнім бағасының 95 пайызынан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды

орындау шартымен:

қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау; қозғалтқышты орнату және бекіту; басқару тетіктерін

қозғалтқышқа қосу; радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу; амортизаторларды бекіту;

трансмиссияны қосу; алдыңғы және артқы аспалар мен жартылай осьтерді орнату; рулдік басқаруды алдыңғы

доңғалақтардың күпшектерімен жалғау; алдыңғы күпшектің подшипниктерінің тартпаларын орнату және реттеу; рулдік басқару жүйесін; тежегіштік жүйені;

гидроажыратқышты түзету және тарту; фарларды; алдыңғы және артқы сигналдық фонарьларды орнату және қосу; сөндіргішті және құбыр қақпақшасының бөліктерін орнату; отын багын орнату және отын

өткізгішті қосу; генераторды орнату және жетекті белдіктің тартылымын реттеу; шанақтың электр

тізбектерінің жұмысын тексере отырып, аккумуляторды орнату және қосу; қозғалтқышты диагностикалау және реттеу; тежегіштік жүйенің тиімділігін тексеру; тез зақымдалатын орындарды консервациялау; құрастырудан кейін ақауларды анықтау; табличкаға және

автомобильге сәйкестендіру нөмірін түсіру; автомобильді сыннан өткізу

 

8703**

Жеңіл автомобильдер және ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдарды (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа) жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда

1. Жылдық көлемі 25000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде алғашқы өндірілген жылы 2007 жылдан кейін (өндірістің басталған күніне қарамастан) пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 90 пайызынан, екінші жылы құны түпкілікті өнім бағасының 85  пайызынан, үшінші жылы құны түпкілікті өнім бағасының 83 пайызынан, төртінші жылдан құны

түпкілікті өнім бағасының 80 пайызынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:

қозғалтқышты орнату және бекіту, қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу; артқы аспаны орнату;

газдарды шығару жүйесін орнату;

шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

жүру доңғалақтарын орнату;

тежегіш және салқындату сұйықтықтарын толтыру;

тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру.

2. Жылдық көлемі 25000 данадан астам тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкі өнім бағасының 70 пайызынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:

қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау;

қозғалтқышты орнату және бекіту, қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу;

радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу;

трансмиссияны орнату және қосу;

алдыңғы және артқы аспаларды орнату;

рульдік басқаруды орнату және қосу;

газдарды шығару жүйесін орнату;

сыртқы жарық аспаптарын орнату және қосу;

жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;

шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

жүру доңғалақтарын орнату;

тежегіш және салқындату сұйықтықтарын толтыру;

табличкаға және автомобильге сәйкестендіру нөмірін жазу;

қозғалтқышты диагностикалау;

тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру»;

 

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 

«8701

Тракторлар (8709 тауар позициясындағы тракторлардан басқа) 

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін

дайындау басталатын күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 95 пайызынан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы,

сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:

жартылай рамалы алдыңғы осьті орнату; қозғалтқышты орнату; артқы мостты орнату; гидробакті орнату;

гидроаспаларды құрастыру және орнату; карданды білігі бар тіректерді құрастыру және орнату; ауа баллондарын құрастыру және орнату; гидрожүйенің май өткізгіштерін орнату; отын бактерін құрастыру және орнату;

цилиндрлі рулдік тарту күшін орнату; рулдік баған мен тосқауыл кранын құрастыру және орнату; алдыңғы қанаттардың кронштейндерін орнату; май және су радиаторын құрастыру және орнату; гидрожүйені

және гидрокөлемді рулдік басқаруды орнату; дыбыстық белгіні орнату; сөндіргішті орнату; қозғалтқышқа, артқы мостқа және гидробакке май құю; гидрожүйе мен қозғалтқышты сынау және тексеру; газ серіппелерін, айналар мен күнге қарсы маңдайшаларды орнату;

фонарлар мен артқы және алдыңғы габарит фарларды орнату; аккумулятор батареяларының әйнек тазартқыштарын орнату; артқы қанаттарды құрастыру және орнату; тракторға кабина орнату; аспаптар

қалқаншалары мен электр өткізгіштер бұрауларын құрастыру және орнату; рулдік колонканы, алдыңғы жетекші мостының қосу тарту күшін, тоқтау белгісін сөндіруді орнату; пердешелерді, тұру тежегішінің

рычагын, тарту күшін, ажырату муфтасын орнату; алдыңғы және артқы доңғалақтарды орнату; шлангілерді, жылытуды қосу және рулдік доңғалақты орнату; қаптаманы құрастыру және орнату; табличкаларды, тұтқыштарды және тыстарды орнату; төсеніштерді және қапталдық панелдерді орнату».

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов