Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов