Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 65 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қоршаған ортаға эмиссия үшін базалық және шекті ставкалар мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

 

1

2

3

4

5

6

«7

Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары

 

шартты тонна

 

30567,3

61134,5

»

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер Министрі

 

К. Мәсімов