Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоксандағы № 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 1282 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 37-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағанында «автобустарын» деген сөзден кейін «, компьютерлік және ұйымдастыру техникаларын» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов