Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 997 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

26-тармақта:

1) тармақшадағы «және суару машиналарын» деген сөздерден кейін «, жылыжайларды» деген сөзбен толықтырылсын;

2) тармақшадағы «7» деген сан «8» деген санмен ауыстырылсын;

29-тармақтың 2) тармақшасы «кооперативтеріне» деген сөзден кейін «шаруа серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерге» деген сөздермен толықтырылсын;

32-тармақта:

бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «кооперативтеріне», «кооперативтерін» деген сөздерден кейін тиісінше «шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтеріне», «шаруа серіктестіктерін, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақша алынып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кепілдік қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау болып табылады.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов