Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 982 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен күші жойылды

 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«2

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1392

ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты

653

Әкімшілік полиция комитеті

135

Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті

52

Ішкі әскерлер комитеті

225

Жол полициясы комитеті

63

Криминалдық полиция комитеті

142

Тергеу комитеті.

122»

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов