Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 831 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 162 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламада:

«Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Жергілікті мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру» деген 5-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 5.5-жолдың 5-бағанында «2007 жылдың ақпаны» деген сөздер «2008 жылдың ақпаны» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов