Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қазандағы № 898 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды

 

Отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін инвестицияларды қосымша тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріндегі мына жолдар:

 

«8703 **

Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа), жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда

Дайындау, ол кезде

пайдаланылатын тораптар

мен детальдардың құны

алғашқы жылы осы тауар

түрін дайындау басталатын

күннен бастап түпкілікті

өнім бағасының 90 пайызы-

нан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 85 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 80 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 70 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 60 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті

өнім бағасының 50 пайызы,

сондай-ақ автомобиль

көлігі құралдарын дайындау

үшін пайдаланылатын жеке-

леген жинақтаушы элементтердің ең аз

тізбесінің мыналарды

қамтуы шартымен дайындау

кезінде:

жинақтағы қорап (дайындау

басталатын күннен бастап

төртінші және кейінгі

жылдары дәнекерлеу және сырлау жөніндегі техноло-

гиялық операцияларды

орындаумен толықтай бөлшектелген қорап қолда-

нылады);

трансмиссиялары бар

қозғалтқыш; радиатор;

қозғалатын жиынтықтағы

доңғалақ; алдыңғы жартылай

осьтер (алдыңғы аспа);

артқы аспа; аккумулятор;

алдыңғы және артқы аспа-

лардың амортизаторлары;

қақпақша жүйелер; бекіткіш

детальдардың жиынтығы.

8706 -

8708**

8701-8705 тауар позицияла-

рындағы моторлы көлік

құралдары үшін орнатылған

двигательдері бар шасси;

8701-8705 тауар позиция-

ларындағы моторлы көлік

құралдары үшін қораптар

(кабинаны қоса алғанда);

8701-8705 позицияларындағы

тауар моторлы көлік

құралдарының бөліктері мен

керек-жарақтары;

Дайындау, ол кезде

пайдаланылатын тораптар

мен детальдардың құны

алғашқы жылы осы тауар

түрін дайындау басталатын

күннен бастап түпкілікті

өнім бағасының 90

пайызынан аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 85 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 80 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 70 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 60 пайызы;

алтыншы жылы - түпкілікті

өнім бағасының 50 пайызы »

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«8703

**

Жеңіл автомобильдер және

негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге

де моторлы көлік құралдары

(8702 тауар позициясындағы

моторлы көлік құралдарынан

басқа), жүк-жолаушы фургон

автомобильдерді және жарыс

автомобильдерін қоса

алғанда

 

1. Жылдық көлемі 25000

данаға дейін тауардың

әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол

кезде кезең-кезеңмен қайта

өңдеуге ұшырайтын пайдала-

нылатын тораптар мен

детальдар соңғы рет өңдеу-

ге/қайта өңдеуге ұшыраған

(кумулятивті қағидат),

сондай-ақ автомобиль

көлігі құралдарын дайындау

үшін пайдаланылатын

жекелеген жинақтаушы

элементтердің ең аз тізбе-

сінің мыналарды қамтуы

шартымен дайындау кезінде:

жинақтағы қорап; трансмис-

сиясы бар қозғалтқыш;

қозғалатын жиынтықтағы

доңғалақтар; артқы аспа;

аккумулятор; қақпақша

жүйесі; рульдік доңғалақ;

ауа сүзгісі; шыны

тазартқыштар; бекіткіш

детальдар жиынтығы;

сондай-ақ: артқы мост;

қозғалтқышта қорғау;

қауіпсіздік жастығының

модулі (егер бұл элемент-

тер көлік құралының

конструкциясында көзделген

болса).

2. Жылдық көлемі 25000

данадан астам тауардың

әрбір моделін шығару

кезінде - дайындау, ол

кезде пайдаланылатын

тораптар мен детальдардың

құны түпкі өнім бағасының

70 пайызынан аспауы тиіс,

сондай-ақ мына технология-

лық операцияларды орындау

шартымен:

қорапты (кабинаны)

дәнекерлеу және сырлау;

қозғалтқышты орнату және

бекіту, қозғалтқышқа

басқару тетіктерін қосу;

радиаторларды орнату және

салқындату жүйелерін қосу;

трансмиссияны орнату және

қосу;

алдыңғы және артқы

аспаларды орнату;

рульдік басқаруды орнату

және қосу;

газдарды шығару жүйесін

орнату;

сыртқы жарық аспаптарын

орнату және қосу;

жанармай багын орнату

және жанармай өткізгішті

қосу;

шанақ электр тізбелерін

тексере отырып,

аккумулятор батареяларын

орнату және қосу;

жүру доңғалақтарын орнату;

тежегіш және салқындату

сұйықтықтарын толтыру;

табличкаға және автомоби-

льге сәйкестендіру нөмірін

жазу;

қозғалтқыштық

диагностикасы;

тежегіш жүйесінің

тиімділігін тексеру.

8706 -

8708**

8701-8705 тауар позиция-

ларындағы моторлы көлік

құралдары үшін орнатылған

қозғалтқыштары бар шасси;

8701-8705 тауар позиция-

ларындағы моторлы көлік

құралдары үшін қораптар

(кабинаны қоса алғанда);

8701-8705 тауар позиция-

ларындағы моторлы көлік

құралдарының бөліктері мен

керек-жарақтары

 

Дайындау, ол кезде

пайдаланылатын тораптар мен

детальдардың құны алғашқы

жылы осы тауар түрін

дайындау басталатын күннен

бастап түпкілікті өнім

бағасының 90 пайызынан

аспауы тиіс;

екінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 85 пайызы;

үшінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 80 пайызы;

төртінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 75 пайызы;

бесінші жылы - түпкілікті

өнім бағасының 70 пайызы ».

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов