Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 899 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Сейітмағанбетова

Гүлнәр Сүлейменқызы

- Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің

депутаты (келісім бойынша)

 

Саудабаев

Дәулет Советұлы

- Қазақстан Республикасының

Қаржы вице-министрі

 

Тұрғанов

Дүйсенбай Нұрбайұлы

- Қазақстан Республикасының

Энергетика және минералдық

ресурстар вице-министрі

 

Савченко

Ирина

- ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы,

Қырғызстандағы, Түрікменстандағы

үйлестірушісі (келісім бойынша)

 

Бутина

Мереке Сағымбайқызы

- Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау қызметкерлері

кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша)

 

Садықова

Айжан Бегайдарқызы

- Қазақстан дәрігерлері мен

провизорлары қауымдастығының

президенті (келісім бойынша)

 

көрсетілген құрамнан Дүйсекеев Амангелді Дүйсекейұлы, Жүндібаев Валерий Ермекбайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Косухин Александр Борисович, Нәбиева Гүлзи Әскенқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов