Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 893 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Құсайынов

Марат Әпсеметұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

 

Хисамутдинов

Ильдар Ибрагимович

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

көрсетілген құрамнан Богушевич Владимир Георгиевич, Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов