Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 784 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1312 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

13 «Басқалар» функционалдық тобында:

04 «Табиғи монополияларды реттеу» ішкі функциясында:

203 «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша:

001 «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

001 «Орталық органның аппаратты» кіші бағдарламасындағы «732 628» деген сандар «688 628» деген сандармен ауыстырылсын;

009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасындағы «8 209» деген сандар «52 209» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 41-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны «Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов