Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 797 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Ертілесова

Жаннат Жұрғалиқызы 

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

штаттан тыс кеңесшісі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов