Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 763 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацында «полиграфия» деген сөзден кейін «, мемлекеттік нышандарды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«010000, Астана қаласы, Министрліктер Үйі» ғимараты»;

10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы «полиграфия» деген сөзден кейін «, мемлекеттік нышандарды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Кино» бөлімінде:

реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті туралы ережеде:

6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«010000, Астана қаласы, Министрліктер Үйі» ғимараты»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Акпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 5-жолдағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов