Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 тамыздағы № 213-ө Өкімі

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірлері 1, 2, 6, 7 және 8-жолдардың «Орындау мерзімі» деген 5-бағанындағы «2007 жылғы ақпан» деген сөздер «2007 жылғы желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов