Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 671 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 77-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

«Туризмді ақпараттық қамтамасыз ету» деген 6-бөлімнің реттік нөмірі 45-жолының «Орындалу мерзімі» деген 5-бағанында «II» деген сан «IV» деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов