Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 643 Қаулысы

 

«Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 338 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда:

«Маңғыстау» деген жолдағы «1223» деген сандар «1285» деген сандармен ауыстырылсын;

«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47424» деген сандар «47486» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Маңғыстау облысының әкімі:

1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов