Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 612 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Есімов

Ахметжан Смағұлұлы

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға

 

Ерғожин

Дәулет Еділұлы

- Қазақстан Республикасының Қаржы  вице-министрі

 

Құсайынов

Марат Әпсеметұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

 

Бірәлиев

Әлжан Хамидолаұлы

- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

 

көрсетілген құрамнан Үмбетов Серік Әбікенұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов