Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы
№ 294-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 145-ө Өкімі

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:

реттік нөмірі 7-жолдың «Орындалу мерзімі» деген 4-бағанындағы «2007 жылғы маусым» деген сөздер «2009 жылғы маусым» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов