Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1204 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі
№ 332 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 25000000000 (жиырма бес миллиард) теңгеден аспайтын сомаға алынған қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырсын.».

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов