Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 224 Қаулысы

(2017.08.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 353 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде:

жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

 

Мусин

Аслан Есболайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші

 

Ахметов

Серік Нығметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi

 

Күрішбаев

Ақылбек Қажығұлұлы

 

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi

 

мына:

 

«Бішімбаев

Қуандық Уәлиханұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі»

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Бишімбаев

Қуандық Уәлиханұлы

 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»;

 

көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов