«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 104 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 562-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

20, 36, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Петропавл - Қызылорда;

36. Қарағанды - Ақтоғай;

37. Астана - Қызылту;

45. Астана - Маңғыстау;»;

мынадай мазмұндағы 55, 56, 57-тармақтармен толықтырылсын:

«55. Алматы - Сарыағаш;

56. Астана - Тобыл;

57. Астана - Жезқазған.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов