Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 161 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Әуе көлігінде» деген 5-бөлімде:

реттік нөмірі 5.3-жолдың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулысының жобасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсімов